Бекшин Алматыда жаңа шектеу шаралары енгізілгенін хабарлады
<p>Алматыда коронавирустың жеңіл түрімен ауыратын және ауру белгілері жоқ науқастар да емхана жатқызылады. Бұл туралы брифинг барысында қаланың бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин айтты, деп хабарлайды <a href="https://egemen.kz/">Egemen.kz</a>. </p>

Қаланың бас санитар дәрігерінің айтуынша, Алматы қаласының қоғамдық денсаулық басқармасы үй жағдайында инфекцияның таралуын тоқтату мақсатында нақты стационарларды атайды. Оған қалада инфекция жұқтырғандардың 35-36%-і отбасы ішінде ауырып қалғаны себеп болып отыр.
"Алматы қаласының қоғамдық денсаулық басқармасы коронавирустың жеңіл және симптомсыз түрімен ауыратын науқастарды вирустың бөлінуі тоқтағанға дейін дереу оқшаулауға және емдеуге кіріссін", - деді Бекшин.
Сонымен қатар қалада инфекция жұқтырудың көп тіркелуіне байланысты карантин шаралары күшейтіледі. 15 және одан да көп адам жұмыс істейтін ұйым қызметкерлерінің 60-80%-і қашықтықтан жұмыс істеу режиміне ауысуы қажет.
ХҚКО бас санитар дәрігер қаулысы талаптарын сақтай отырып, жұмыс күндері сағат 10.00-ден 18.00-ге дейін, сенбі күндері сағат 10.00-ден 15.00-ге дейін жұмыс істейді.
Қоғамдық тамақтану нысандарының, оның ішінде сауда ойын-сауық орталықтарында орналасқан нысандарға сағат 07.00-ден 23.00-ге дейін жұмыс істеуге рұқсат етіледі.
Пандемия басталғалы Алматыда 16 мыңнан аса адам коронавирус жұқтырды, тамыздан бастап 1 205 адам пневмонияға шалдықты.