Аймақтар
1 мин оқу 301

Гуманитарлық көмек қоғам бақылауында

<p style="text-align: justify;">Қызылордаға Израиль және Польша мемлекеттерінен 75 пульсоксиметр құрылғысы, 650 Tarsime, Azimycin дәрілік препараты және 20 дезинфекциялық құрал гуманитарлық көмек ретінде келді, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Гуманитарлық көмек қоғам бақылауында

Өткен айда да Қытай, Германия, Сингапур мемлекеттерінен және «Шеврон Мұнайгаз Инк-2» ЖШС-нен келген медициналық құрылғылар мен препараттар түріндегі гуманитарлық көмек арнайы дәрі-дәрмек қоймасына орналастырылған болатын.

Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Қызылорда облысы бойынша департаментінің қызметкерлері, «Ақмешіт-Адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің мүшелері және қоғам белсенділері келіп түскен гуманитарлық көмектерді қабылдау барысына қоғамдық бақылау жүргізіп келеді.

Алдағы уақытта осы бағыттағы жұмыстар өз жалғасын табатын болады.

Бөлісу:
Гуманитарлық көмек қоғам бақылауында · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар