Хоккей
1 мин оқу 330

«Барыс» қорғаушымен толықты

<p style="text-align: justify;">Құрлықтық хоккей лигасында (ҚХЛ) өнер көрсететін елорданың &laquo;Барысы&raquo; құрамын финляндиялық қорғаушы Алекс Линтуниемимен толықтырды. Бұл туралы команданың баспасөз қызметі хабарлады.</p>

«Барыс» қорғаушымен толықты

25 жастағы фин спортшысы шайбалы хоккейдегі алғашқы қадамын ХИФК командасында жасаған. Кейіннен ол өз елінің бірнеше командасында және Америка хоккей лигасында (АХЛ) өнер көрсеткен. 2014 жылы АҚШ-тың «Лос-Анджелес Кингс» клубына ауысқанымен, бірде-бір рет мұзайдынға шықпаған.

Сонымен қатар Линтуниеми әр жылдары Финляндияның жасөспірімдер және жас­тар құрамасында ойнаған. Ал биылдан бас­тап ересектер құрамына шақырту алды. Ол «Барыс» құрамына Финляндия біріншілігінде бақ сынайтын ЮП клубынан ауысып келді. Биылғы маусымда Алекс аталған командада 11 матч өткізіп, төрт (1+3) ұпай жинаған. Линтуниемимен келісімшарт маусымның соңына дейін жасалған.

Айта кетейік, «Барыс» бұған дейін құрамын канадалық қорғаушы Диллон Хетерингтон және шабуылшы Фил Варонемен толықтырған еді.

Бөлісу:
«Барыс» қорғаушымен толықты · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар