Саясат
2 мин оқу 166

Сенатта бірнеше заң жобасы қабылданды

<p>10 желтоқсанда Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаевтың төрағалық етуімен Палата отырысы болды. Онда Сенат депутаттары &laquo;Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы&raquo; Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына өзгерістер енгізу туралы&raquo; Конституциялық заңды қарап, қабылдады, деп хабарлайды <a href="https://egemen.kz/">Egemen.kz.</a></p>

Сенатта бірнеше заң жобасы қабылданды

Заң жауапты хатшылар институтын жоюды және олардың міндеттерін министрліктер аппараттарының басшыларына жүктеуді көздейді. Бұл мемлекеттік аппараттың тұрақтылығын қамтамасыз етуге, бірінші басшылардың жауапкершілігін арттыруға және мемлекеттік органдар жұмысындағы кадрлар сабақтастығын сақтауға мүмкіндік береді.

«Қабылданған заң мемлекеттік қызмет және мемлекеттік басқару саласындағы заңнаманы одан әрі жетілдіреді. Бұл министрліктердің жұмысын оңтайландырып, министрлердің жауапкершілігін арттырады», – деп атап өтті Мәулен Әшімбаев.

Сенаторлар отырыс барысында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекет басшысының 2020 жылдың 1 қыркүйектегі «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» атты Қазақстан халқына Жолдауының жекелеген ережелерін іске асыру мәселесі бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын да қарады.

«Бұл заң жобасында бірқатар маңызды өзгерістер қарастырылған. Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша елімізде балаларды қорғау саласында нақты және жүйелі саясат жүргізіліп келеді. Осы шара аясында педофильдерді қылмыстық жазалау кешенді түрде күшейтілді», - деді Сенат төрағасы.

Заң жобасы қаралғаннан кейін оған сенаторлар енгізген толықтырулар Мәжіліске жіберілді.

Отырыста депутаттық корпустың бастамасы бойынша әзірленген «Қазақстан Республикасының бюджет кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң қабылданды.

«Бұл заң мемлекет басшысының тапсырмаларына сәйкес бюджеттік жоспарлаудың тұрақтылығын қамтамасыз етеді. Ол сондай-ақ бюджет қаржысын барынша әлеуметтік-экономикалық қайтарыммен пайдалануға мүмкіндік беретін жаңа шаралар мен тетіктерді көздейді. Жаңа тәсіл бюджет процесіндегі стратегиялық жоспарлаудың рөлін күшейтеді», - деп атап өтті Сенат төрағасы.

Сенат депутаттары сонымен қатар «1999 жылдың 8 қазандағы Еркін сауда аймағын құру туралы келісімге қатысушы мемлекеттердің арасында тасымалданатын   тауарларды кедендік  ресімдеудің  және   кедендік   бақылаудың   тәртібі   туралы келісімге өзгерістер енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы» заң қабылдады.

Бөлісу:
Сенатта бірнеше заң жобасы қабылданды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар