Жаңалықтар
1 мин оқу 183

Ұлттық қауіпсіздік комитеті шекарада бірлескен операция өткізді

<p>2020 жылдың 20 қазан және 30 қараша аралығында ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің шекара қызметі &laquo;Ынтымақтастық&raquo; бірлескен шекара операциясын өткізуге қатысты, деп хабарлайды <a href="https://egemen.kz/">Egemen.kz.</a></p>

Ұлттық қауіпсіздік комитеті шекарада бірлескен операция өткізді

Комитеттің хабарлауынша, операция Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттер басшыларының шешіміне сәйкес өткізіліп, шекара кеңістігіндегі құқыққа қайшы әрекеттердің жолын кесуге бағытталды.

«ҰҚК Шекара қызметінің іс-қимылымен Қазақстан Республикасының шекарасын күзету саласында 254 құқық бұзу фактісінің жолы кесілді, заңсыз айналымнан шамамен 2 келі есірткі, 17 бірлік атыс қаруы, 126 оқ-дәрі, 3 діни-экстремистік мазмұндағы әдебиет басылымы алынды», - делінген ақпаратта.

Бұдан басқа, жалпы сомасы 11 миллион теңгеге 7 экономикалық контрабанда әрекетіне тосқауыл қойылды.

Әр ұстау фактісі бойынша қажетті қылмыстық-процессуалдық шаралар қабылданды.

Бөлісу:
Ұлттық қауіпсіздік комитеті шекарада бірлескен операция өткізді · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар