Қазақстан халқы Ассамблеясының 25 жылдығына арналған көрме ашылды
<p>2020 жылдың 10 желтоқсанында Нұр-Сұлтан қаласының Бейбітшілік және келісім сарайында Қазақстан халқы Ассамблеясының 25 жылдығына арналған «Елбасы. Бірлік. Келісім» көрмесінің салтанатты ашылуы өтті, деп хабарлайды <a href="https://egemen.kz/">Egemen.kz.</a></p>

Экспозицияға «Елбасы. Бірлік пен Келісім» үштұғырлықтың ортақ идеологиялық платформасымен біріктірілген мұрағаттық материалдар, фотосуреттер, кітаптар мен кәдесый-сыйлықтары ұсынылды. Көрме еліміздің басты мерекесі Тәуелсіздік күні қарсаңында өтіп жатыр.
Іс-шараға ҚХА төрағасының орынбасары Жақсылық Түймебаев, парламент мәжілісі төрағасының орынбасары Владимир Божко қатысты.
Көрменің мақсаты – Елбасының Тәуелсіз Қазақстанның қалыптасуы мен дамуына қосқан үлесін және ондағы ерекше рөлін көрсету.
«Тәуелсіздіктің алғашқы күндерінен бастап Ұлт көшбасшысы Қазақстанды дамытудың негізіне этностық шығу тегіне қарамастан тең құқықтық пен келісімге негізделген бүкіл халықтың бірлігін жатқызды. Осы жылдар бойы еліміз бұл қағиданы берік ұстанып келеді. Елбасының бейбітшілік пен келісім саясатының іс жүзінде жүзеге асырылуы 1995 жылы өзі құрған Қазақстан халқы Ассамблеясынан көрініс тапты», - деді ол.
Жансейіт Түймебаев көрме Қазақстанның даму тарихын жақсырақ білуге және оны түсінуге көмектесетініне сенім білдірді.