Елбасы
1 мин оқу 140

Партияның жұмыс жоспарымен танысты

<p style="text-align: justify;">Nur Otan партиясының Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев Бауыржан Байбекті қабылдады, деп хабарлады Елбасының баспасөз қызметі.</p>

Партияның жұмыс жоспарымен танысты

Кездесуде Nur Otan партиясы Төр­ағасының бірінші орынбасары Б.Байбек Қазақстанның Тұңғыш Прези­дентіне партияның үгіт-насихат кезеңі­не әзірлігі және Jas Otan жастар қана­ты­ның съезін өткізуге дайындық барысы туралы баяндады.

Сонымен қатар Нұрсұлтан Назар­баевқа өңірлерге сапарлар мен партия өкілдерінің кейбір елді мекен тұр­ғындарымен өткен кездесулерінің қо­рытындылары туралы мәлімет бе­рілді.

Сондай-ақ Б.Байбек партияның сайлауалды үгіт-насихат жұмыстарының орталық және өңірлік деңгейдегі жос­парымен таныстырды.

– Біз Бюро отырысы мен партия съезін өткіздік. 216 сайлауалды бағ­дар­лама бекітілді. Енді жан-жақты түсін­діру жұмыстарын жүргізу керек, – деді Елбасы.

Бөлісу:
Партияның жұмыс жоспарымен танысты · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар