Оқиға
1 мин оқу 566

Сүңгуірлер шеберліктерін шыңдауда

<p style="text-align: justify;">Тереңдігіне кез келген адамды бойлата бермейтін Каспий теңізі айдынында сүңгуірлердің маңызы зор. Олар азаматтық қоғамда ғана емес, әскери өмірде де арнайы дайындалып, үнемі шыңдалу үстінде жүреді.</p>

Сүңгуірлер шеберліктерін шыңдауда

Ақтау гарнизонында сүң­гуір­лік даярлық порттарда, ак­ва­­­то­рия­­­ларда, суларда және жа­­ғалауда жауынгерлік мін­дет­­терді орындау үшін жүр­гі­зі­леді. Әскери-теңіз күштері сүң­­гуірлерін бас­тап­қы даярлау бас­сейнінде жүр­гізіледі. Ашық те­ңізге түспес бұрын әскери қыз­мет­шілер қа­жет­ті дағдыларды үй­ретуі керек, ал­­ғашқы сабақтар тео­риялық тұр­ғыда өткізіледі.

Жауынгерлік жүзушілер жаб­дық­тың материалдық бөлігін және тактикалық-техникалық сипаттамаларын зерделейді, сынақ­тар тапсырады және сүңгуір жаб­ды­ғын пайдалануға рұқсат алады.

Сүңгуірлер үйренетін бірінші нәрсе – су астындағы дұрыс тыныс алу, аппараттағы қысымды теңестіру. Сондай-ақ стреске төзімділік жаттығуларын және төтенше жағдайларды жою әдіс­те­рін үйрену қажет. Нұс­қау­шылар оқытудың барлық кезең­де­рінде қауіпсіздік шараларын сақтауға ерекше көңіл бөледі.

– Жеңіл сүңгуірлік дайындық бойынша жыл сайынғы курс­тан әскери сүңгуір мамандығын таңдаған жаңадан келген әскери қызметшілер өтеді. Мұндай сабақ­тардың бірінші кезеңі бассейнде өткізіледі. Бізге акватлон, су астындағы қоян-қолтық ұрыстарын үйретеді. Бұл сабақ барысында ағзаның гипоксияға төзімділігі және су ортасында болу сенімділігі сияқты қасиет дамиды, – дейді топ сержанты 3-сыныпты сержант - сүңгуір Руслан Орумбаев.

Қыста бассейнде сабақтар аптасына үш рет өткізіледі. Ал көктемде, күн жылынған сәттен бастап Әскери-теңіз күштерінің сүңгуірлері ашық су айдындарында сүңгуге кіріседі.

Әрі қиын, әрі қызық сүңгуір­лік­ке жас сарбаздарды қызы­ғу­шы­лығы да жоғары.

Маңғыстау облысы

Бөлісу:
Сүңгуірлер шеберліктерін шыңдауда · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар