Қазақстан
1 мин оқу 130

Қарулы Күштерде жаңа оқу жылы басталды

<p style="text-align: justify;">Қарулы Күштердегі жаңа оқу жылы &laquo;Ұлы дала әскері &ndash; Тәуел&shy;сіздік тірегі!&raquo; ұранымен өтеді. Әскери бөлімдер мен меке&shy;ме&shy;лердің бірінші басшылары өткізген мемлекеттік-құ&shy;қық&shy;&shy;тық дайындық жаңа оқу кезеңінің алғашқы сабағы болды.</p>

Қарулы Күштерде жаңа оқу жылы басталды

Барлық санаттағы әске­ри қызметшілерге армия­ның өткен жылдық қо­рытын­дылары мен жетістіктері жет­кізілді, сондай-ақ жаңа оқу жылына міндеттер қо­йыл­ды. Олардың арасында әскерлердің жоғары жауын­гер­лік әзірлігін қолдау, жа­уын­герлік даярлық пен жеке құрамның далалық дағдысын жетілдіру, бітімгершілік қыз­мет­ті қамтамасыз ету, әске­ри қызметшілердің моральдық-психологиялық жай-күйін нығайту және басқа да бірқатар әлеуметтік аспектілер бойынша мәселелер бар.

Апта бойы барлық әскери бө­­лім­дер мен мекеме­лер­де өткі­зі­летін тактика­лық ар­­на­йы сабақтар ақпа­ра­т­­­тан­дыру жүйесінің сапасын, штабтардың үйлесімді жұмысын тексеруге, басқару органдарының, құрамалар мен әскери бөлімдердің өзара іс-қимыл деңгейін жетілдіруге бағытталады.

Қарулы Күштердің басшы­лығы оқу жылының баста­луында барлық мәселе­ні толық пысықтау қажет­ті­гі туралы нұсқаулар берді. Пан­де­миямен және каран­тин­дік іс-шаралармен байланыс­ты шектеулер жағдайында бө­лім­шелердің қызметіне баса назар аудару керек.

Бөлісу:
Қарулы Күштерде жаңа оқу жылы басталды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар