Аймақтар
1 мин оқу 223

Нұр-Сұлтан қаласы неліктен «қызыл» аймаққа енді?

<p style="text-align: justify;">Нұр-Сұлтан қаласының бас санитарлық дәрігері Жанна Пралиева елорданың неліктен &laquo;қызыл&raquo; аймаққа енгізілгенін айтып өтті, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a></p>

«Қыркүйек айында және қазан айының бірінші онкүндігінде қаладағы эпидемиологиялық жағдай тұрақты деп бағаланды. Бірақ қазан айының екінші жартысынан бастап репродуктивті санның (R) бірліктен асып кетуі байқалды. R санының қазан айында 11 күн бойы және қараша айында 6 күн бойы төмендеді. Қалған уақытта R саны 1-ден асты, сондықтан қала «сары аймақта» болды», - деді Жанна Пралиева.

Оның айтуынша қазан айымен салыстырғанда өздігімен медициналық қызметке қаралып анықталғандар (аптасына 18-ден 213 жағдайға дейін) және үй ошақтарында қатынаста болып ауырғандар (аптасына 15-тен 217 жағдайға дейін) саны көбейген. Өткен аптада сырқаттану көрсеткіші 100 мың тұрғынға шаққанда 51,0-ден асқан.

Бөлісу:
Нұр-Сұлтан қаласы неліктен «қызыл» аймаққа енді? · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар