Аймақтар
1 мин оқу 315
Атырау облысының екі тұрғыны жайылымнан мал ұрлаған
<p>Атырау облысында екі азаматтың жайылымнан мал ұрлаған әрекеті әшкере болды, деп хабарлайды <a href="https://egemen.kz/">Egemen.kz</a></p>

Оның бірі – 38 жаста, Махамбет ауданында тұрады екен. Ал екіншісі Құрманғазы ауданының 52 жастағы тұрғыны болып шықты.
«Жедел іздестіру іс-шарасы кезінде мал ұрлығына қатысы бар екі күдікті ұсталды. Олардың ақпан, қазан, желтоқсан айларында Махамбет ауданы, Еңбекшіл ауылдық округінің аумағындағы жайылымнан 2 сиырды, 2 түйе мен 5 жылқыны ұрлағаны анықталды. Қазір ұсталғандар уақытша ұстау орнына қамауға алынды. Тергеу ісі жалғасып жатыр», деп мәлім етті облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Бөлісу: