Аймақтар
1 мин оқу 120

Сағынтаев Жаңа Алматы инфрақұрылымын жақсарту туралы айтты

<p style="text-align: justify;">Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев мегаполистің жаңа ықшамаудандарындағы инженерлік желілер құрылысының қарқыны туралы айтты, деп хабарлайды <a href="https://egemen.kz/">Egemen.kz.</a></p>

Сағынтаев Жаңа Алматы инфрақұрылымын жақсарту туралы айтты

Қала әкімінің айтуынша, инженерлік желілер – қаланың тыныс-тіршілігін қамтамасыз ету жүйесінің күре тамыры. Бірер жыл бұрын қалаға қосылған аймақтардың арқасында мегаполистің аумағы кеңейді. Сәйкесінше енді жаңа желілер қажет болып отыр.

«2020 жыл жемісті болды. Жүздеген шақырым сумен жабдықтау, су бұру желілері мен бірнеше КСС салынды. Наурызбай ауданында сүзгі-сорғы стансасының құрылысы басталды», деп жазды Алматы әкімі Instagram парақшасында.

Айта кетейік, инженерлік инфрақұрылымды дамыту аясында биыл 300 шақырымға жуық су құбыры мен кәріз желісі салынды. Нәтижесінде, «Жаңа Алматының» шеткі ықшамаудандарының 50 мың қала тұрғыны орталық сумен жабдықтау мен су бұру желісіне қосылады.

2019 жылы аудит жүргізіліп, оның барысында 2,3 мыңға жуық көшеде сыртқы жарықтың жоқ екені анықталған еді. Нәтижесінде таяудағы 2 жыл ішінде қаланы жарықпен толық қамтамасыз ету жөнінде шешім қабылданды. Жыл соңына дейін қала шетіндегі 1 423 көше жарықтандырылады, бұл қаланың 4 ауданында 100% жарықтандыруды қамтамасыз етеді.

2021 жылдың соңына дейін Алмалы, Әуезов, Бостандық, Медеу аудандарындағы қалған 601 көшені жарықтандыру жоспарланып отыр. Осылайша, Алматы көшелерінде 100% жарық болады.

Бөлісу:
Сағынтаев Жаңа Алматы инфрақұрылымын жақсарту туралы айтты · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар