Қоғам
1 мин оқу 185

Алматы полицейлері жаңа челлендж бастады

<p style="text-align: justify;">Алматы қаласының полицейлері &ldquo;#Қазақстан_Республикасына_қызмет_етемін&rdquo; челленджін бастады, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>&nbsp;&nbsp;<a href="https://polisia.kz/almaty-politsejleri-zhanga-chellendzh-bastady/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Polisia.kz </a>сайтына сілтеме жасап.</p>

Бұл шара еліміздің Тәуелсіздік күніне орайластырылған. Шараның басты мақсаты – ұрпақтан-ұрпаққа баға жетпес мұра ретінде берілетін рухани-патриоттық және адамгершілік қасиеттерді тәрбиелеу.

Тәртіп сақшылары арасында мемлекеттік тілді жетік білетін өзге ұлт өкілдері бар. Сондай қызметкерлердің бірі – полиция кіші сержанты Виталий Максимов. Ол болашағынан үлкен үміт күттіретін жас полицейлердің бірі.

«Мен әріптестерімді Тәуелсіздік күнімен құттықтаймын және Нұр-Сұлтан қалалық Полиция департментінің қызметкерлеріне “#Қазақстан_Республикасына_қызмет_етемін” челленджін жолдаймын», деді В. Максимов.

Бөлісу:
Алматы полицейлері жаңа челлендж бастады · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар