Түркістанда ахуал орталығы тәулік бойы жұмыс істейді
<p style="text-align: justify;"><span lang="KZ">Ішкі істер министрінің орынбасары Сәкен Сәрсенов Түркістан облысына барды. Ол облыс әкімі Өмірзақ Шөкеевпен бірге т</span><span lang="KZ">өтенше жағдай кезіндегі жұмыс және жаңа технологияларды енгізу жұмыстарымен танысты, деп хабарлайды <a href="https://egemen.kz/">Egemen.kz.</a></span></p>

Түркістан облысы әкімдігінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, өңірде арнайы ахуалдық орталық бар. Ол коронавирусқа байланысты ел аумағында төтенше жағдай енгізілген кезде ашылған.
Ресми ақпаратқа сәйкес, бүгінде орталықта тұрақты түрде жеті талдаушы тәулік бойы жұмыс істейді. Шетелде тәжірибе жинақтаған арнайы сарапшылар 5 базалық бағыт бойынша ауқымды жұмыс атқарады.
Денсаулық сақтау, білім беру, қауіпсіздік, азық-түлік, БАҚ және әлеуметтік желілер сияқты басым бағыттар бойынша күнделікті мониторинг жүргізеді.
«Карантиндік шектеу шаралары бойынша орталық облыстың 16 өңірі мен қаласынан 119 мобильді топтың деректерін және жүргізілген жұмыстар туралы есептерді жинақтайды. Барлық танымал әлеуметтік желілердің жазбаларын талдау және бақылау қолға алынды», делінген әкімдік таратқан ақпаратта.
Айта кетейік, өңірде әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдері бойынша мониторинг жасау, өңірдің ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушілер бойынша талдау жүргізіледі. Сондай-ақ, жер учаскесінің кадастрлық нөмірлерін көрсете отырып, егіс аумағын пайдаланудың тиімділігін анықтау үшін егістік жер учаскелерінің аумағы туралы мониторинг өтеді.