Саясат
1 мин оқу 120

Елбасы Еуразиялық экономикалық одақ саммитінде сөз сөйледі

<p style="text-align: justify;">Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің құрметті төрағасы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев ЖЕЭК отырысында сөз сөйледі. Жиын бейнеконференция форматында өтіп жатыр, деп хабарлайды <a href="https://egemen.kz/">Egemen.kz.</a></p>

Елбасы Еуразиялық экономикалық одақ саммитінде сөз сөйледі

Жиын барысында Елбасы Куба мен Өзбекстан республикаларына Еуразиялық экономикалық одақ жанындағы бақылаушы мемлекет мәртебесін беруге байланысты Еуразиялық одақтың географиясын кеңейтуге қатысты кезекті қадамдар қабылданып жатқанын айтты.

Сонымен қатар Елбасы Covid-19 пандемиясына қарсы күрес шеңберінде ЕАЭО-ға мүше мемлекеттер кооперациясының және өзара гуманитарлық көмек алмасудың жоғары деңгейін атап өтті.

«Бірлескен үйлесімді іс-қимылдар дағдарыстық салдарларды еңсеруге және одақ дамуының неғұрлым жоғары деңгейіне шығуға мүмкіндік беретініне сенімдімін», деді Елбасы.

Нұрсұлтан Назарбаев ЕАЭО экономикасының одан әрі өсуі үшін, оның ішінде әлемдік өндірістік және сауда ағындарын тарту үшін үлкен әлеуеттің бар екенін атап өтті.

«Одақ елдерінің өнеркәсіптік әлеуеттерінің ықпалдасу қарқынын жеделдету қажет. Сондай-ақ ЕАЭО ішінде де, одан тыс жерлерде де сауда ағындарының көлемін ұлғайту қажет. ЕАЭО белсенді цифрландыруы бар алаңға айналуы тиіс, бұл қатысушы елдердің экономикалық өзара іс-қимылына жемісті әсер етеді», деді Елбасы.

Айта кетейік, Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің отырысы бейнеконференция форматында өтіп жатыр.

Оған Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев қатысты.

Бөлісу:
Елбасы Еуразиялық экономикалық одақ саммитінде сөз сөйледі · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар