Шымкентте бірқатар карантиндік шектеу азайтылды
<p style="text-align: justify;">Шымкент қаласында базарлардың, жәрмеңкелердің қызметіне демалыс күндердегі шектеу алынып тасталды. Ал аптаның жұмыс күндері сағат 06:00-ден 18:00-ге дейін базарларда сауда жасауға болады, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a></p>
Солардың қатарында азық-түлік гипермаркеттерінің, супермаркеттерінің, шағын маркеттері мен үй жанындағы дүкендерінің жұмыс, демалыс және мереке күндері сағат 09:00-ден 23:00-ге дейін жұмыс уақыты шектеледі.
Ашық алаңда жұмыс істейтін қоғамдық тамақтану нысандарының және 50 орынға дейін арналған үстелдер орналастырылған үй-жайдағы қоғамдық тамақтану нысандарының, сонымен қатар сауда-ойын-сауық кешендерінің ішінде орналасқан нысандардың қызметі жұмыс, демалыс және мереке күндері сағат 07:00-ден 23:00-ге дейін тыйым салынады.
Сауда-ойын сауық орталықтарының, сауда үйлерінің, сауда желілерінің жұмыс күндері сағат 09:00-ден 23:00-ге дейін, демалыс және мереке күндері 09:00-ден 22:00-ге дейін рұқсат етілмейді. Ал Қоғамдық көлік қозғалысының уақыты сағат 07:00-ден 23:00-ге дейін рұқсат етіледі.