Оқиға
1 мин оқу 244

Қазақстанның палеолиттік кешендері Швецияда таныстырылды

<p style="text-align: justify;">Тәуелсіздік күні қарсаңында Ұлттық музей мен Қазақстан Республикасының Швеция Корольдігіндегі елшілігі тарих ғылымдарының докторы, академик Жәкен Таймағамбетовтің &laquo;Қазақстанның палеолиттік кешендері&raquo; атты баяндамасын швед жоғары оқу орындарының профессорлар құрамына таныстыру мақсатында онлайн-дәріс өткізді.</p>

Қазақстанның палеолиттік кешендері Швецияда таныстырылды

Отырыстың ашылуында сөз алған Ұлттық музей директоры Арыстанбек Мұхамедиұлы Қазақстан Республикасының Шве­ция Корольдігіндегі елші­лігіне және барлық қатысу­шыларға аталған шараға атсалысқандары үшін шексіз ризашылығын біл­дірді.

«Ұлттық музейдің басты мис­сиясы – еліміздің тарихи-мә­дени мұрасын зерттеу, сақтау және қалпына келтіру арқылы Қазақстанның ұлттық құнды­лықтарын сақтау және насихаттау. Біз швед археолог-ғалымдарының назарына Ұлттық музейдің ғылыми қызметіндегі далалық архео­ло­гия­лық зерттеулеріне қатысты бірегей ақпаратты ұсынуға асық­пыз», деді А.Мұхамедиұлы.

Ж.Таймағамбетовтің ұсы­ныл­ған баяндамасы екі бөлімнен тұ­рады. Бірінші бөлімінде автор Қазақстан аумағындағы антро­погенездің және ежелгі ескерт­кіштердің мәселелеріне тоқталса, екінші бөлімінде иллюстрациялық материалдарды көрсете отырып, Ресей, Германия және Жапония ар­хеологтарымен бірлесіп жа­сал­­ған жұмыстары жайында тың ақ­параттарымен бөлісті.

Айта кетейік, аталған онлайн-дәріске Швеция және Қазақстан археолог-ғалымдарымен қатар  Ресей, Германия, Жапония мемле­кеттерінің мамандары да қатысты.

Бөлісу:
Қазақстанның палеолиттік кешендері Швецияда таныстырылды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар