Саясат
1 мин оқу 342

Баспасөз мәслихатын өткізді

<p style="text-align: justify;">Елордада Қазақстан Халық партиясының мүшелері БАҚ өкілдеріне арнап баспасөз мәслихатын өткізді. Журналистермен болған кездесу барысында партия төрағасы Айқын Қоңыров партия тарапынан атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталды.</p>

Баспасөз мәслихатын өткізді

А.Қоңыровтың айтуынша, Қазақстан коммунистік халық партиясы жуырда өз атауын өзгертіп, бұдан былай Қазақстан Халық партия­сы деп аталады. Алайда партия бұрынғы ұстанымдарынан, бұған дейінгі бағытынан ай­ныған жоқ. Тек алдағы жос­парлары мен даму даңғылын ғана айқындап алғанға ұқсайды. Яғни Қазақстан Халық партия­сы елдің саясатын әлеуметтік бағытқа бұрған.

Партия төрағасының ай­туынша, партия URANkz респуб­ликалық қоғамдық бірлес­тігі­мен әріптестік орнатқан. Мәсе­лен, партия мүшелері аталған бір­лес­тікпен бірге «Қызыл автобус» акциясының шеңберінде Атырау, Солтүстік Қазақстан және Ақтөбе облыстарында болып, «Еңбек» бағдарла­масы аясын­да салынып жатқан тұр­ғын үйлер­дің құрылысымен танысыпты. Сондай-ақ партия өкілдері осы облыстағы кейбір аудандар мен ауылдарды аралап, әлеуметтік мәселелерге де мән берген.

Нұр-Сұлтан

Бөлісу:
Баспасөз мәслихатын өткізді · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар