Медицина
1 мин оқу 186

Павлодар облысы коронавирустың «қызыл» аймағынан шықты

<p style="text-align: justify;">Павлодар облысы коронавирустың таралуы бойынша "қызыл" аймақтан шықты, деп хабарлайды <a href="https://egemen.kz/">Egemen.kz</a> ұлттық қоғамдық денсаулық <a href="https://hls.kz/wp-content/uploads/2020/12/%D0%9C%D0%B0%D1%82%D1%80%D0%B8%D1%86%D0%B0-%D0%BE%D1%86%D0%B5%D0%BD%D0%BA%D0%B8-%D1%8D%D0%BF%D0%B8%D0%B4%D0%B5%D0%BC%D0%B8%D0%BE%D0%BB%D0%BE%D0%B3%D0%B8%D1%87%D0%B5%D1%81%D0%BA%D0%BE%D0%B9-%D1%81%D0%B8%D1%82%D1%83%D0%B0%D1%86%D0%B8%D0%B8-%D0%B2-%D1%80%D0%B5%D0%B3%D0%B8%D0%BE%D0%BD%D0%B0%D1%85-%D0%9A%D0%B0%D0%B7%D0%B0%D1%85%D1%81%D1%82%D0%B0%D0%BD%D0%B0-%D0%BD%D0%B0-14.12.2020.pdf">орталығына</a> сілтеме жасап.</p>

Павлодар облысы коронавирустың «қызыл» аймағынан шықты

Орталықтың хабарлауынша, "Қызыл" аймақта енді тек Нұр-Сұлтан қаласы тұр.

Ал инфекцияның таралуы бойынша "сары" аймақта Атырау, Қостанай, Шығыс Қазақстан, Ақмола облыстары мен Алматы қаласы да бар.

Маңғыстау, Түркістан, Ақтөбе, Қызылорда, Қарағанды, Жамбыл, Алматы, Батыс Қазақстан облыстары мен Шымкент қаласы коронавирустың таралуы бойынша "жасыл" аймаққа кірген.

Жалпы эпидемиологиялық жағдай бойынша Қазақстан "жасыл" аймақта тұр.

Айта кетейік, Қазақстанда пандемия басталғалы 142 325 адам коронавирус инфекциясын жұқтырды. Бірінші тамыздан бастап 43 952 адам пневмонияға шалдықты.

Бөлісу:
Павлодар облысы коронавирустың «қызыл» аймағынан шықты · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар