Елордада мереке күндері қоғамдық көлік қалай жүреді
<p style="text-align: justify;">Нұр-Сұлтан қаласында мереке күндері қоғамдық көлік қалыпты режимде жұмыс істейді, деп хабарлайды <a href="https://egemen.kz/">Egemen.kz</a> қала әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.</p>

CTS-тің хабарлауынша, 16-19 желтоқсан аралығында Нұр-Сұлтан қаласында қоғамдық көлік қалыпты жұмыс істейді. Жұмыс күні 18 желтоқсан 20 желтоқсанға ауыстырылды. Осыған орай жексенбі күні қоғамдық көлік сағат 06: 00-ден 23:00-ге дейін жұмысын жалғастырады.
Айта кетейік, қазақстандықтар Тәуелсіздік мересіне орай төрт күн демалады.
Еске сала кетейік, қоғамдық көлікке бетпердесіз кіруге тыйым салынады. Автобусқа тек алдыңғы есік арқылы кіру қажет. Жол ақысы қолма-қол ақшасыз, яғни көлік картасы, SMS, QR-код арқылы төленеді.
Айта кетейік, қазір Нұр-Сұлтан қаласы коронавирустың таралуы бойынша "қызыл" аймақта тұр.