Президент екі адамға «Қазақстанның Еңбек ері» атағын берді
<p>Президент Қасым-Жомарт Тоқаев екі адамға "Қазақстанның Еңбек ері" атағын беру туралы жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды <a href="https://egemen.kz/">Egemen.kz</a> <a href="https://www.akorda.kz/kz/legal_acts/decrees/kazakstan-respublikasynyn-memlekettik-nagradalarymen-nagradtau-turaly-10">Ақордаға</a> сілтеме жасап.</p>

Мемлекет басшысының жарлығымен "АрселорМиттал Теміртау" АҚ атқарушы директоры Вадим Басин (Теміртау қаласы) және "Еуроазия энергетикалық корпорациясы" АҚ "Восточный" кенішінің машинисі Мұрат Қайыргелдин (Екібастұз қаласы) жоғары дәрежелі ерекшелік белгісі – "Қазақстанның Еңбек Ері" атағын алды.
Қасым-Жомарт Тоқаев оларды Қазақстан Републикасын экономикалық дамытудағы және өндірістік қызметтегі аса үздік жетістіктері үшін марапаттады.
Сондай-ақ, айрықша ерекшелік белгісі – Алтын жұлдыз бен "Отан" ордені тапсырылды.
Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енеді.