Қоғам
3 мин оқу 391

Үлестік құрылыс және оларды басқару мәселесі

<p style="text-align: justify;">Астанада 10 жылдан астам уақыт шыдамдылықпен күтіп жүрген 50-ден астам проблемалық нысаны бар, бұл түйткілді мәселе кйеінгі кезде белсенді түрде шешіле бастады. Мәселесі бар үй саны қазір 30-дан кеміді, оның ішінде біздің "Территория комфорта-1" тұрғын үй кешені де бар.</p>

Үлестік құрылыс және оларды басқару мәселесі

– Аталған тұрғын үй кешенін қандай мерзімде аяқтау жоспарланып отыр? Осы өткір мәселемен заңгермен бірге әкім орынбасарына барамын деп шештім. Салық, бюджет және экономикалық саясат, қала активтерін басқару, Мемлекеттік сатып алу, әкімдікке ведомстволық бағынысты заңды тұлғалармен жұмыс істеу және басқа да мәселелерден басқа, сондай-ақ үлестік құрылыс мәселелері де құзырына кіретін, әкім орынбасары Амрин Аскар Кемергеновичтің қабылдау бөлмесіне тікелей бардым. Бір қызығы, 26 жасында ол "Kegok" АҚ директорлар кеңесінің мүшесі болды, 28 жасында  ҚР Қаржы вице-министрі, 33 жасында "Ланкастер групп" компаниясының бас директоры, 37 жасында бас прокуратура аппаратының басшысы және т. б. қызметтерді атқарған.

Ол елге танымал Қарағанды заң университетін және АҚШ-тағы құқық мектебін бітірген. Оның қызметтік тізімі ауқымды, орталық мемлекеттік органдарда, бизнес құрылымда және құқықтық салада тәжірибесі мол. Ол маған өзін іскер, сенімді, озық ойлы адам, сондай-ақ ашық және көпшіл, тіл табысқыш адам ретінде көрсете білді, артық сөзге жоқ,  бүгінде басқару саласындағы басы артық  ұрандар мен үндеулерге қатысы жоқ болып көрінді.

Менің сұрақтарыма және құрылысы ондаған  жылға созылған проблемалық нысандарға қарата айтылатын биліктің сынына шыдамдылық танытып, ақталудың нышанын да байқатпады,   тек проблемаларды мойындай отырып, бәрін қатаң, сенімді түрде  айтты:

– Мен өз құзыретім аясында нысандарға жауап беремін және біз сіздің тұрғын үйіңізді келесі жылдың жазында тапсыру үшін қолдан келгеннің бәрін жасаймыз, - деді ол.

Сөздерінің шынайылығына көз жеткізу үшін мен мәселенің нақты жай-күйін көруім керек еді.

– Сіздің нысанға қызығушылық танытуңыз – сіздің құқығыңыз, - деп атап өтті ол, тіпті үлескерлердің проблемаларын шешуге және мерзімін анықтауға болатын құрылыс салушылардың мекенжайын берді.

Бір аптадан кейін мен кездесуге құрылыс  алаңына бардым, ол жерде мені "Елорда Құрылыс" директоры Талғат Малыбаев пен учаске бригадирі Ерлан Базикенов күтіп алды.

Әрқайсысы өз құзыреті шегіндегі міндеттері туралы айтып, құрылыс белсенді жүріп жатқанын және әкімдіктің бақылауында тұрғанына сендірді. Олар бірінші блокты 2021 жылдың жазына дейін аяқтауға тырысады (әкімнің орынбасары айтқандай) - азап шеккен үлескерлерге  қала күніне орай тосын сый жоспарлап отырғандарын айтты.

Шынында да,  сең қозғала бастағаны  ма!? Мен олардың барлығына құрметпен қарадым, себебі менің мәселемінің шешімі соларға байланысты шешілетін еді. 10 жылдан астам уақыт бұрын өз еңбегімен өз баспанасына ақша салған жүздеген адам асыға күткен үй құрылысын уақытында және сапалы аяқтауды күттік. Барлығына сәттілік тілейміз!

Құрылысшыларға біздің жүйемізде жиі ұшырасып, үлескерлерді шаршататын жағдайды түзеуді, нысанды тапсырып, оларды  қуантуды тілейміз. Асқар Амринге болашақ мансабында сәттілік тілеймін, себебі ол соған лайық екенін көретті. Неге екені белгісіз мен бұл адамның шынайылығына және оның жақсы менеджерлік қасиеттеріне сендім, ал оның іс-әрекеттері мен қарым-қатынас тәсілі маған оны еріксіз құрметтеуге себеп болды.

Құдай бізге ақылды, парасатты басқарушыларды берсін. Елімізде жақсы басқарушылардың үлкен алаңы пайда болатын кез келді емес пе!? Олар еліміздің қарыштап дамуына өз үлестерін қосуы тиіс.

Ж.К. Кайкенова 

Бөлісу:
Үлестік құрылыс және оларды басқару мәселесі · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар