Руханият
1 мин оқу 580

Елордада Қалибек Қуанышбаев атындағы театрдың маусымашары өтті

<p style="text-align: justify;">Бүгін Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова, Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің орынбасары Бахтияр Мәкен мен зиялы қауым өкілдері Қ.Қуанышбаев атындағы мемлекеттік академиялық қазақ музыка драма театрының XXX маусымашарына қатысты,деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a></p>

Елордада Қалибек Қуанышбаев атындағы театрдың маусымашары өтті

Биыл театр маусымы қалыптасқан дәстүр бойынша Мұхтар Әуезовтің «Абай» трагедиясының жаңа нұсқасымен ашылды. Қоюшы режиссері – Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Ә.Оразбеков.

Халқымыз ежелден мұқтаж жандарға көмек көрсетіп, кіріптарға қайыр беріп, қарттарды құрметтеуді, қолдап, қорғауды әрбір адамның адамгершілік борышы санап келген. Осы ретте театр ұжымы да XXX маусымды қайырымдылық іс-шарасымен бастап отыр.

1

Премьера 15-16 желтоқсан аралығында сағат 19:00-де өтеді.

Жаңа ғимаратқа көшкен 30 жылдық тарихы бар театр Елбасы Н.Назарбаевтың тапсырмасымен салынған. 26 қарашада Нұрсұлтан Әбішұлы жаңа театр ғимаратына келіп, шығармашылық ұжыммен кездескен болатын.

Бөлісу:
Елордада Қалибек Қуанышбаев атындағы театрдың маусымашары өтті · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар