Елорда
1 мин оқу 190

Нұр-Сұлтанда мереке күндері сауда орталықтары қалай жұмыс істейді

<p style="text-align: justify;">Нұр-Сұлтан қаласында коронавирус инфекциясын таратпау жөніндегі қалалық жедел штабта 16-18 желтоқсан аралығында мереке күндері сауда орталықтарының, сауда үйлерінің, базарлардың жұмысы туралы мәселе қаралды. Бұл туралы қала әкімдігінің баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды <a href="https://egemen.kz/">Egemen.kz.</a></p>

Нұр-Сұлтанда мереке күндері сауда орталықтары қалай жұмыс істейді

Бұл нысандар мереке күндері қалалық санитарлық дәрігер Жанна Пірәлиеваның қолданыстағы қаулысына сәйкес, сағат 23: 00-ге дейін жұмыс істейді.

19 желтоқсан 20:00-ге дейін жұмыс істейді, 20 желтоқсанда ірі сауда орталықтарындағы бутиктер жұмысы тоқтатылады. Онда дезинфекциялық шаралар жүргізілетін болады. Ірі сауда және ойын-сауық орталықтарында орналасқан дәріханалар, гипермаркеттер, азық-түлік дүкендері клиенттерге жексенбіде қызмет көрсете алады.

Сонымен бірге осы нысандарда және олардың аумағында орналасқан аттракциондарды, балалар ойын алаңдарын, ойын орталықтарын, кинотеатрларды, тамақтану алаңдарын пайдалануға қатаң тыйым салынады.

«Нұр-Сұлтан қызыл аймақта, бірақ оның шарықтау шегінде емес. Соңғы күндері динамика тұрақталып, жақсарып келеді. Қала сары және қызыл аймақтардың арасында. Бұрынғы жұмыс кестесі өзгеріссіз қалады. Біз елорда тұрғындары мен қонақтарын демалыс кезінде дүрлігіс тудырмауға шақырамыз. Жағдайды одан әрі тұрақтандыру үшін біз азаматтардан қабылданған шараларға түсіністікпен қарауды, аса қажеттіліксіз үйден шықпауды сұраймыз», деді қаланың санитарлық дәрігері Жанна Пірәлиева.

Айта кетейік, 16-20 желтоқсан аралығында қоғамдық көліктер түнгі 23:00-ге дейін жүреді.

Бөлісу:
Нұр-Сұлтанда мереке күндері сауда орталықтары қалай жұмыс істейді · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар