Қостанайлық құтқарушыларға жаңа техника берілді
<p style="text-align: justify;">Қостанайлық құтқарушыларға <strong>13</strong> автотехника мен құтқару барысында пайдаланылатын арнайы құрылғылар табыс етілді. Салтанатты шараға Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетов қатысты, деп хабарлайды <a href="https://egemen.kz/">Egemen.kz.</a></p>

Аймақ басшысы құтқарушыларға «КамАЗ» және «Урал» зауыттарынан шыққан жаңа автоцистерна, автосаты және автокран көліктерінің кілттерін табыс етті. Сондай-ақ, құтқару қызметінің автопаркі жолаушылар автобусы, 2 апаттық-құтқару көлігі және батпақты-сазды жерден іркілмей өте шығатын жол талғамайтын 2 арнайы автокөлікпен толықты. Мұндай қуатты техникалар қолайсыз ауа райы жағдайында, сондай-ақ жолсыз жерде апаттық-құтқару жұмыстарын жүргізуді жеңілдетеді.
Ал 50 метрлік сатысы бар жаңа АЛ-50 автокөліктері құтқарушылардың 17-18 қабатты ғимараттарға жедел көтерілуіне мүмкіндік береді.
Мұның сыртында, құтқарушыларға апатты жағдайда пайдаланылатын жаңа құтқару құралдарының жиынтығы, пилотсыз ұшатын құрылғылар, сондай-ақ бірінші деңгейдегі қорғаныш сапасы бар 170 өрт сөндіруші киімі берілді.
Өңірдің құтқару қызметтерін қажетті құралдармен қамтамасыз ету әлі де жалғасатынын айтқан Архимед Мұхамбетов: «Бүгін тапсырылған жаңа әрі қуатты техникалар сіздерге түрлі төтенше жағдайда тұрғындарды құтқаруға көмектеседі», - деді Архимед Мұхамбетов.