Қоғам
1 мин оқу 330

Қазақ-қырғыз шекарасында героиннің ірі партиясы табылды

<p style="text-align: justify;">2020 жылдың 10 желтоқсанында инспекциялық-тексеріп қарау кешені мен &laquo;Джек&raquo; деген лақап атты қызметтік итті пайдалана отырып, автомобиль өткізу пунктінде Қырғызстаннан Қазақстанға &laquo;Б&raquo; деген азамат жүргізіп бара жатқан &laquo;Toyota Prado&raquo; автомашинасында қарап тексеруден жасырылған ерекше иісі бар ақ-сұр түсті заты бар пакеттер анықталды, деп хабарлайды <a href="https://egemen.kz/">Egemen.kz.</a> Бұл туралы ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз қызметі мәлімдеді.</p>

Қазақ-қырғыз шекарасында героиннің ірі партиясы табылды

Ұсталып, алынған зат одан әрі іс жүргізу іс-қимылдары үшін ҰҚК Жамбыл облысы бойынша департаментіне тапсырылды. 2020 жылдың 11 желтоқсанында сараптама нәтижелері бойынша тәркіленген заттың салмағы 60 килограмм 370 грамм героин екені анықталды.

Қылмыстық кодекстің 286-бабының 4-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу жүріп жатыр. Бұл бап бойыншаон бес жылдан жиырма жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға не өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.

Бөлісу:
Қазақ-қырғыз шекарасында героиннің ірі партиясы табылды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар