Жаңалықтар
1 мин оқу 150

Атырауда 150 отбасы баспаналы болды

<p style="text-align: justify;">Тәуелсіздік күні қарсаңында Атырау қаласының Береке шағын ауданда салынған үйлердің пәтер кілттері табыс етілді. Іс-шараға облыс әкімі &nbsp;Махамбет Досмұхамбетов қатысып, тұрғындарды қоныс тойымен құттықтады, деп хабарлайды <a href="https://egemen.kz/">Egemen.kz</a> Атырау облыстық коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап.</p>

Атырауда 150 отбасы баспаналы болды

144 пәтер «Нұрлы Жол» мемлекеттік бағдарламасы аясында салынған көп қабатты тұрғын үйден берілді. Баспаналы болғандардың басым көпшілігі мемлекет қамқорлығы санатына жататын аз қамтылған және көпбалалы отбасылар мен жетім балалар.   

«Мемлекет басшысы халықтың аз қамтылған тобын баспанамен қамтуға ерекше көңіл бөлуді тапсырған еді. Биыл ұзақ жылдар қиналып келген біраз жерлесіміз баспаналы болды. Бұдан бөлек жыл аяғына дейін ұзақ уақыт кезекте тұрған азаматтар мен апатты жатақхана тұрғындарының біразын жаңа үйлерге көшіреміз. Жерлестерімізді қуанышқа кеңелту жұмыстары баспанаға мұқтаж отбасылардың мәселесі толық шешілгенге дейін жалғасады», деді өңір басшысы Махамбет Досмұхамбетов.

Айта кетейік, жыл басынан бері кезекте тұрған 363 отбасы жаңа қонысқа ие болған. Бұның сыртында апатты үйлер мен жатақханаларда тұратын 481 отбасы да баспаналы болған. 

Бөлісу:
Атырауда 150 отбасы баспаналы болды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар