Аймақтар
1 мин оқу 230

Мерзімі өткен ПТР-анықтамасымен келген екі шетел азаматы депортацияланды

<p style="text-align: justify;">15 желтоқсанында Қазақстан Республикасының аумағына Израиль, Ұлыбритания, Германия, Франция, Корея, Мальдив Республикасы, Мысыр, Түркия, БАӘ, РФ, Қырғызстан және Өзбекстаннан 13 халықаралық әуе рейсі келді.</p>

1 612 әуе жолаушыларының ішінде ПТР-тестілеудің теріс нәтижесі бар анықтамамен 1 465 адам, анықтамасыз 147 адам - ҚР азаматтары келді.

Оның ішінде:
:small_blue_diamond: Алматы қаласының әуежайына – 10 рейс, 1 348 жолаушы, анықтамамен - 1 209, анықтамасыз - 139;
:small_blue_diamond: Нұр-Сұлтан қаласының әуежайына – 3 рейс, 264 жолаушы, анықтамамен - 256; анықтамасыз - 8.

Анықтамасыз келген Қазақстан азаматтары келген жерлері бойынша COVID-19-ға ПТР-талдау әдісімен тестіленді және карантиндік стационарларда өз нәтижелерін күтуде. Бір күн бұрын, 2020 жылдың 14 желтоқсанында анықтамасыз келген 81 адамның ПТР-талдау нәтижелері бойынша Ыстамбұл – Алматы рейсімен ұшып келген Қазақстанның 2 азаматынан коронавирустық инфекция анықталды.

Сонымен қатар, Түркиядан ұшып келген Шри-Ланка мен Қырғызстан азаматтары, COVID-19 тестінен өту туралы мерзімі өткен анықтамаларды ұсынуларына байланысты Алматы қаласының әуежайынан депортацияланды.

Бөлісу:
Мерзімі өткен ПТР-анықтамасымен келген екі шетел азаматы депортацияланды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар