Аймақтар
1 мин оқу 451
Қызылордада мерекелік шеру ұйымдастырылды
<p style="text-align: justify;">«Менің туым, менің Отаным!» бұқаралық челленджі аясында Қызылорда облысында барлығы 40 нысанға жүздеген мемлекеттік ту ілінді. Сондай-ақ, барлық ауданда авто, вело және аттылар шеруі өткізілді.</p>

Сырдария ауданында ұйымдастырылған аттылар шеруіне 30 шабандоз қатысып, кенттегі көшелермен жүріп өтті.
– Патриоттық шара әсіресе жастар үшін аса қажет. Көше бойымен көк байрағымызды алып жүру арқылы біз ел бірлігі мығым, татулығымыз тұрақты екенін дәріптейміз, – дейді атты шеруге қатысушы Хамзат Кеңесбаев.
Барлық ауданда ұйымдастырылған шерулерде жастар еліміздің көк байрағын ұлықтауда. Мереке күндері бұл шаралар лайықты жалғасын табады.
Бөлісу: