Әлем
1 мин оқу 1,630

Қай елде жүрсек те қазақша сөйлесеміз - Ирандағы қазақ баласы

<p style="text-align: justify;">Отбасы жағдайына байланысты Иранға көшіп кеткен қазақстандық отбасы үйінде тек қазақша сөйлеседі. 9 жастағы Дәулетәлы Сауран Иранда парсыша оқығанымен, Қазақстандағы мектепте де қашықтан оқып жүр, - деп жазады&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a></p>

“Әкемнің қызметіне байланысты отбасымызбен Иранда тұрамыз. Біз тұратын қалада тек қана парсы тіліндегі мектеп бар. Сонда парсыша оқып жатырмын. Сонымен қатар, Нұр-Сұлтан қаласының 77-ші мектеп-гимназиясының 3 - сыныбында қашықтан білім алудамын. Ұстазым - Теңлік Рахметоллақызы. Осы сәтті пайдаланып 3 жылдан бері уақытын арнап келе жатқан ұстазыма алғысымды айтқым келеді” дейді оқушы.

Бөлісу:
Қай елде жүрсек те қазақша сөйлесеміз - Ирандағы қазақ баласы · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар