Кино
1 мин оқу 570

«Мулан» қазақша сөйледі

<p style="text-align: justify;">Көрермен көптен күткен &laquo;Мулан&raquo; фильмінің премьерасы Қазақстан кинотеатрларында да өтті. 1998 жылғы анимациялық фильмнің ремейкі дүниежүзілік прокатка қыркүйек айында шыққан еді, деп хабарлайды <a href="https://egemen.kz/">Egemen.kz</a></p>

«Мулан» – бұл «Болашақ» корпоративтік қоры «BI Group» құрылыс холдингі мен «Меломан» компаниясының қолдауымен қазақ тіліне дубляждаған Disney студиясының мерейтойлық 35-ші фильмі. Демек, фильмді үлкен экраннан қазақ тілінде де тамашалауға болады.

«Мулан» фильмін және Disney, Pixar, Marvel, Sony Pictures студияларының қазақ тіліндегі 34 фильмін үйден шықпай-ақ ivi және Megogo онлайн-кинотеатрларында көруге болады. 

Бөлісу:
«Мулан» қазақша сөйледі · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар