Аймақтар
1 мин оқу 170

«Protecting bussines and investments» жемқорлықтың жолын кеседі

<p style="text-align: justify;">Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің &laquo;Protecting bussines and investments&raquo; жобасы&nbsp; аясында кәсіпкерлер мен инвесторларды сыбайлас жемқорлыққа қарсы сүйемелдеу жұмыстары жүргізіліп келеді, деп хабарлайды <a href="https://egemen.kz/">Egemen.kz</a></p>

«Protecting bussines and investments» жемқорлықтың жолын кеседі

Жоба аясында Қызылорда облысында «Қызылорда композиттік материалдар зауыты» ЖШС мен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің облыс бойынша департаменті арасында өзара ынтымақтастық меморандумына қол қойылды.

Осылайша «Қызылорда композиттік материалдар зауыты» ЖШС-нің өңірде шыны талшықтарын және композиттік материалдар шығарып, осы бағыттағы импорттық матералдың көлемін азайтуға бағытталған жалпы құны 1,5 млрд теңгелік жобасын жүргізуде әкімшілік кедергілердің алдын алып, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша өзара ықпалдастық пен ынтымақтастық құрудың негізі қаланды.

Шараға департамент басшысының бірінші орынбасары Б. Ниязов, облыстық индустриялық-инновациялық даму басқармасы басшысының орынбасары Ж. Берденова, инвестор Т.Боранбаев қатысты.

Бүгінгі күні Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаменті «Protecting bussines and investments» жобасы  шеңберінде жалпы құны 555,8 млрд теңгені  құрайтын 22 инвестициялық жобаны сыбайлас жемқорлыққа қарсы сүйемелдеуге алды.

Іс-шарада департамент басшысының бірінші орынбасары Б. Ниязов инвесторлар мен кәсіпкерлер үшін қолайлы бизнес климат жасау мақсатында жұмыстар жалғасатынын атап өтті.

Бөлісу:
«Protecting bussines and investments» жемқорлықтың жолын кеседі · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар