Ауа райы
1 мин оқу 340
Еліміздің алты өңірінде қолайсыз ауа райы күтілуде
<p style="text-align: justify;">Қазақстанның алты өңірінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды, деп хабаралайды <a href="https://egemen.kz/">Egemen.kz</a></p>
20 желтоқсанда Нұр-Сұлтан қаласында қар жауып, бұрқасын болады.
Сондай-ақ Ақмола, Қарағанды, Павлодар, Солтүстік Қазақстан облыстарында қар жауады, кей жерлерде бұрқасын, тұман, солтүстік, солтүстік-батыстан секундына 15-20 метр жел соғады.
20 желтоқсанға қараған түні Түркістан облысы мен Шымкент қаласының кей жерлерінде қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) болады. Кей жерлерде тұман, көктайғақ, батыстан, солтүстік-батыстан соққан желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді.
20 желтоқсанда Маңғыстау облысының кей жерлерінде көктайғақ, тұман түсуі ықтимал.
Бөлісу: