Павлодар облысында 6 көлік қар құрсауында қалды
<p style="text-align: justify;">Павлодар облысындағы Ақтоғай ауданы аумағында 6 автокөлік қар құрсауында қалған, деп хабарлайды <a href="https://egemen.kz/">Egemen.kz</a></p>
Көліктерде 16 адам болған. Облыстық ТЖД баспасөз қызметінің хабарлауынша, 18 желтоқсан күні сағат 22:00-де Павлодар облысының Ақтоғай ауданында, Ақжол ауылының маңында ауа райының қолайсыздығына байланысты 6 жеңіл автокөлік тұрып қалғаны туралы хабарлама келіп түсті.
Оқиға №15 өрт сөндіру бөлімінен 67 шақырым қашықтықта болған. Төтенше жағдай орнына жеке құрамнан 8 адам және 2 техника жұмылдырылып, 16 адам құтқарылды.
- Барлық азаматтар медициналық көмекке мұқтаж болмаған. Құтқарушылардың жедел және үйлесімді әрекеттерінің арқасында ешкім зардап шеккен жоқ, деді департамент өкілдері.