Руханият
1 мин оқу 920

Тайжан тартқан сырнай

<p style="text-align: justify;">Жезқазғандағы тарихи-архео&shy;ло&shy;гиялық музейдегі құнды жәдігердің бірі &ndash;ақын, сегіз қырлы, бір сырлы өнер иесі Тай&shy;жан Қалмағанбетовтің сырнайы. Музыкалық аспапты мұражайға 2017 жылы Тайжан ақын&shy;ның немересі Темірхан Қалма&shy;ғанбетов &laquo;Тарихта өз атыңды қал&shy;дыр&raquo; акциясы аясында ұйым&shy;дасты&shy;рылған іс-шара барысында өткізіпті.</p>

Тайжан тартқан сырнай

– Сырнай 1912 жылдың сәуір айын­да Орынбор губерниясындағы Троицк қаласында тұрған Александр Иванович деген шебердің қолынан шыққан екен. Аспаптың түсі қоңыр. Негізгі сүйегі ағаштан жасалған. Гүл бейнесіндегі өрнекпен безендірілген, – дейді музейдің аға ғылыми қызметкері А.Жанбосынова.

Тайжан Қалмағанбетовке ақындық, сазгерлік әрі орындаушылық қасиеттер қатар дарыған: өнерпаз домбырада шебер ойнаған, қобызды да құйқылжытқан. Ал сырнай тартуды Көкшедегі нағашы жұрты – Үкілі Ыбырайдың ауылына барып жүргенінде үйреніпті.

Еске салар болсақ, Тайжан поэ­зиясын қазақтың көрнекті ақыны Кәкімбек Салықов ғылыми тұрғыда зерттегендердің бірі болды. Қайраткер тұлға 2004 жылы жарыққа шыққан «Сақ-сақ күлсін сырнайым» жинағында өнерпаз ақын туындыларын кеңінен қамтыды. Сол жылы «Ақын Тайжан» атты лирикалық поэмасы енгізілген «Ақын Тайжан» атты екінші жинағы жарық көрді.

 

Қарағанды облысы

Бөлісу:
Тайжан тартқан сырнай · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар