Футбол
1 мин оқу 260

Жыл үздіктері белгілі болды

<p style="text-align: justify;">Әйгілі France Football журналы биыл жылдың үздіктерін анықтайтын &laquo;Алтын доп&raquo; сыйлығын беруден бас тартқаны баршаға белгілі. Сөйтіп ФИФА жылдың мықтылары анықталмай қалмасын деп онлайн форматта The Best-2020 марапаттау рәсімін ұйымдастырды.</p>

Жыл үздіктері белгілі болды

ФИФА құрамына енетін ұлттық құрама бас бапкерлері мен капитандарының, спорт журналистерінің дауыс беру қорытындысы бо­йынша Польша құрамасының және «Бавария» клубының шабуылшысы Роберт Левандовски 2020 жылдың ең үздік футболшысы атанды. Жылдың үздік бас бапкері деген атақ Юрген Клоппқа («Ливерпуль») бұйырса, Мануэль Нойер («Бавария») ең қыра­ғы қақпашы атағын иеленді. Сонымен қатар Сон Хын Миннің «Бёрнли» қақпасына соққан голы жылдың ең әдемі голы деп танылды.

Ал 2020 жылдың шартты құрамасына мына футболшылар енді: Алиссон Беккер («Ливерпуль») – Трент Александер-Арнольд («Ливерпуль»), Виржил ван Дейк («Ливерпуль»), Серхио Рамос («Реал»), Альфонсо Дэвис («Бавария») – Йозуа Киммих («Бавария»), Кевин де Брюйне («Манчестер Сити»), Тиаго Алькантара («Ливерпуль») – Роберт Левандовски («Бавария»), Лионель Месси («Барселона») және Криштиану Роналду («Ювентус»).

Бөлісу:
Жыл үздіктері белгілі болды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар