Оқиға
1 мин оқу 453

Сұйытылған мұнай газын бөлуде кедергілер бар

<p style="text-align: justify;">Жуырда Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің жанындағы Кедергілер жөніндегі кеңестің бірінші отырысында Энергетика министрлігінің квоталау негізіндегі сұйытылған мұнай газын бөлу жүйесі талқыланды.</p>

Сұйытылған мұнай газын бөлуде кедергілер бар

Қатысушылар сұйытылған мұнай газына газ желісі ұйым­­дарының шектеулі шең­­бері төмен бағалар бо­йын­ша қол жеткізетінін, бұл бә­се­­келестікті дамыту қағи­дасын бұрмалайтынын және сұ­йытылған газ өндірі­сінің инвестициялық тартым­дылығын төмендететінін жеткізді. Яғни бағаны мем­лекеттік реттеу жүйесінен тек газ желісі ұйымдары ғана ұтады.

– Сұйытылған мұнай газы­ның электронды саудасын жетілдіру аясында жергілікті нарық шеңберіндегі саудадан бәсекелестікті кеңейтуге жәрдемдесетін неғұрлым ірі өңірлік нарықтарға көшуді ұсынамын. Сондай-ақ ашық­тықты арттыру үшін тікелей өңірлерде электронды сауданы ұйымдастыру жекелеген облыстар деңгейінде тап­шылықтың туындауы бойын­ша тәуекелдерді төмен­детуге мүмкіндік береді. Мо­но­полияға қарсы органның атына Кедергілер жөніндегі кеңестің өзінің монополияға қарсы жұмсақ саясатын жетілдіру тұр­ғысындағы ұсыныстарының бірі монополияға қарсы комплаенс институтын енгізу болуы мүмкін, – деді «ЕТС та­уар биржасы» АҚ Нұр-Сұлтан қаласы бойынша филиалының директоры Нұржан Бегалин.

Кедергілер жөніндегі кеңес саланы реттеудің қолданыстағы оң тетігін жетілдіру, нарықты ырық­тандыруға, оның ішін­де 2022 жылға дейін сұйы­тылған мұнай газы сауда-сатты­ғы­на толық көшу және газ желі­сі ұйымдарын аккредиттеу инс­титутын жою жөнінде ұсы­нымдар әзірледі. Қазір агент­тіктің өңірлік бөлім­шелері Батыс Қазақстан, Солтүс­тік Қазақ­стан, Павлодар, Қост­а­най, Қа­ра­ғанды облыстарында 10 газ желісі ұйымына қатыс­ты тек­серу жүргізіп жатыр. Бұ­дан басқа, өңірлік бөлім­ше­лер көлемдерді бөлу кезінде әкім­дік­­тердің іс-әрекеттеріне шағым­дарды жыл сайын қарайды.

Бөлісу:
Сұйытылған мұнай газын бөлуде кедергілер бар · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар