Оқиға
1 мин оқу 590
Оралда өрттен ер адам көз жұмды
<p style="text-align: justify;">Оралда тұрғын үйдегі өрттен ер адамның мәйіті табылды, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a></p>
БҚО Төтенше жағдайлар департаменті мемлекеттік өрт бақылау басқармасының аға инженері Сағдат Әнестің мәлім еткеніндей, оқиға 20 желтоқсан күні сағат 01.29-да «Парус» саяжай қоғамы Красивая көшесі, 34 мекенжайында болды.
Аумағы 20 шаршы метрді құрайтын тұрғын үйдің төбесі мен қабырғалары құлап, түгел өртеніп кеткен.
Сағат 02.48-де өрт толықтай сөндірілді. Оқиға орнынан ер адамның мүрдесі табылды.
Құтқарушылар үйден 27 литрлік газ баллонын алып шықты.
Бөлісу: