Аймақтар
1 мин оқу 410

Атырауда екі тәулікте 169 адам індет жұқтырды

<p>Атырау облысында соңғы екі тәулікте 169 адам коронавирус инфекциясын жұқтырды, деп хабарлайды <a href="https://egemen.kz/">Egemen.kz</a></p>

Атырауда екі тәулікте 169 адам індет жұқтырды

Облыстық денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің мәліметінше, 18 желтоқсанда 95, ал кеше 74 адамнан қауіпті індеттің белгісі анықталып отыр. Мұның ішінде науқастардың дені - Теңіз кенішінің жұмысшылары. Мұнда соңғы екі тәулікте 123 жұмысшы қауіпті індетке шалдыққан. 

«Қазір 249 адам үй жағдайында емделуде. Облыстық инфекциялық стационарда – 78, ал, аудандардағы стационарларда 13 пациент жатыр. Ал,  Теңіз кенішіндегі инфекциялық стационарда 321 адам ем қабылдауда», деп хабарлады басқарманың баспасөз қызметі.

Өткен тәулікте 112 адам қауіпті індеттен жазылып шықты.

Бөлісу:
Атырауда екі тәулікте 169 адам індет жұқтырды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар