Спорт
1 мин оқу 185

«Барыс» «Куньлуньді» қапы қалдырды

<p>Құрлықтық хоккей лигасының (ҚХЛ) кезекті тур ойынын Нұр-Сұлтанның &laquo;Барысы&raquo; Қытайда жергілікті &laquo;Куньлунь&raquo; клубына қарсы өткізді, деп хабарлайды <a href="https://egemen.kz/">Egemen.kz</a></p>

«Барыс» «Куньлуньді» қапы қалдырды

Қонақтар бәсекені қарқынды бастағанымен, қарсыластарының қақпа кілтін ұзаққа дейін таба алмады. Керсінше, алғашқы шайбаны айдын иелері соқты. 18-минутта Хантер Шинкарук нысанан дәл көздеді. Одан кейін 35 минут бойы қос команда бір-бірімен арпалысқанымен, таблодағы есепті өзгерте алған жоқ. Тек 54-минутта Кертис Волк пен Линус Виделль ұйымдастырған шабуылды Самат Данияр сәтті аяқтады. Осылайша, ойын овертаймға ойысты. Қосымша уақытта Даррен Лиц мергендік танытты. Нәтижесінде бұл матч 2:1 есебімен «Барыстың» пайдасына шешілді. 

Қазіргі кезде «Барыс» ҚХЛ-дың тұрақты біріншілігінің жарыс кестесінде 17 орынды иеленуде. Жерлестеріміз 33 кездесуден кейін 37 ұпай жиды. Елордалық клуб өзінің келесі кездесуін 21 желтоқсанда Төменгі Новгородта жергілікті «Торпедоға» қарсы өткізеді.  

Бөлісу:
«Барыс» «Куньлуньді» қапы қалдырды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар