Қазақстан ватерполшыларының қарсыластары анықталды
<p style="text-align: justify;">Халықаралық жүзу федерациясы (FINA) 2020 жылы Токиода алауы тұтанатын Олимпия ойындарының іріктеу турнирінде су добынан қай командалардың өзара күш сынасатынын жария етті, деп хабарлайды <a href="https://egemen.kz/">Egemen.kz</a></p>

Қазақстанның әйелдер құрамасы В тобында өнер көрсетеді. Қарсыластарымыз – Грекия, Мажарстан және Израиль. Осылардың арасындағы ең үздігі – мажарстандықтар. Олар әлем чемпионатында екі рет топ жарып, бір күміс және бір қоланы олжалады. Еуропа чемпионатында 3 алтын, 5 күміс және 5 қоланы иеленді. Соңғы үш Олимпия ойындарында төртінші орынға табан тіреді. Грекиялықтар да әлемдік және құрлықтық додаларда жеңіс тұғырына көтерілген команда.
Іріктеу турнирі келесі жылдың 19-24 қаңтар аралығында Италияда өтеді. Ал А тобындағы бәсекелерде Италия, Франция және Нидерланд құрамалары күш сынасады.