Медицина
2 мин оқу 320

Алматыда жыл басынан бері 420 мың науқас ем алған

<p style="text-align: justify;">Республикалық электрондық денсаулық сақтау орталығының деректеріне сәйкес, Алматы қаласы бойынша ТМККК пакеті аясында 121 медициналық ұйым, МӘМС пакеті бойынша 142 медициналық мекеме қызмет көрсетуде, деп хабарлайды <a href="https://egemen.kz/">Egemen.kz</a></p>

Алматыда жыл басынан бері 420 мың науқас ем алған

2020 жылдың 11 айында Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық басқармасының медициналық ұйымдарында 423 030 науқас емделген болса, оның ішінде ТМККК аясында - 227 381 адам, МӘМС бойынша 182 617 науқас ем қабылдаған.

- Тәуліктік стационарлар деңгейінде 307 381 науқас емделіп шықты. Бұл жазылып шыққандардың жалпы санының 72,6%-ын құрайды- деп мәлімдеді әкімдіктің баспасөз қызметі.

Ересектер үшін кардиологиялық, эндокринологиялық, неврологиялық, ревматологиялық, офтальмологиялық, кардиохирургиялық медициналық қызметтер өте қажет.

Алғашқы медициналық-санитариялық көмек ұйымдары жанындағы күндізгі стационарларда 67 776 пациент немесе 2020 жылғы 11 айда емделгендердің жалпы санының 16% - ы ем қабылдады. Оның ішінде ТМККК шеңберінде - 36 660 адам, МӘМС шеңберінде-31 082 пациент ем алған.

АМСК ұйымдарының жанындағы үйдегі стационар деңгейінде 15 475 пациент, оның ішінде ТМККК шеңберінде - 15 343, МӘМС шеңберінде – 132 пациент емделді. Үйдегі стационарлар негізінен балалар мен қарт адамдар үшін, сондай-ақ коронавирустық инфекциясы бар науқастар мен олармен байланыста болған адамдарға үй карантині үшін ұйымдастырылады.

Алматыда созылмалы бүйрек жеткіліксіздігі бар, гемодиализ терапиясына мұқтаж науқастарға қызмет көрсетілетінін атап өткен жөн. 15 гемодиализ орталығында 2 216 пациент емделді. Гемодиализ қызметі тек ТМККК шеңберінде жүзеге асырылады.

Сондай-ақ, қала клиникаларының базасында жоғары технологиялық медициналық қызметтер бойынша көмек көрсетіледі. 2020 жылдың 11 айында 35 медициналық ұйымда 2 825 пациент емделді, оның ішінде ТМККК шеңберінде – 152, МӘМС шеңберінде - 2 656 пациент.

Бөлісу:
Алматыда жыл басынан бері 420 мың науқас ем алған · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар