Аймақтар
1 мин оқу 210

Түркістанда жұқпалы аурулар госпиталі ашылады

<p style="text-align: justify;">Түркістанда модульдік жұқпалы аурулар госпиталінің құрылысы аяқталуға жақын. Мемлекет басшысының коронавирусқа қарсы шараларды күшейтуге қатысты берген тапсырмасымен бой көтерген жаңа орталық заманауи техникамен толық жабдықталған, деп хабарлайды <a href="https://egemen.kz/">Egemen.kz</a></p>

Түркістанда жұқпалы аурулар госпиталі ашылады

Коронавирус инфекциясын жұқтырғандарды оқшаулап, сапалы медициналық қызмет көрсететін орталық 60 күнде салынды. Жеті мың шаршы метр аумаққа орналасқан инфекциялық госпиталь 200 орынға лайықталған. Әр төсек - орынға жасанды тыныс алу қондырғысы орнатылған. Медициналық құрал-жабдықтың бәрі қамтылған. Жансақтау бөлімі, зертханасы бар. Емделушілердің денсаулығын арнайы білезіктер арқылы бақылауға болады.

Сондай-ақ Түркістанда 8 қабатты кешенді емдеу орталығының құрылысы жүргізілуде. Аумағы 100 мың шаршы метрге жуық емхана құрылысы шілде айында басталған. 630 орындық көпсалалы аурухананың құрылысы мемлекет - жекеменшік әріптестігі шеңберінде жүзеге асырылуда. «Sembol construction» түрік компаниясының қаржыландыруымен салынып жатқан кешенді емдеу орталығы келер жылы пайдалануға беріледі деп жоспарланған. Орталық толықтай заманауи медициналық құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілмек. Құрылыс алаңдарында болған облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев мердігерлерге нысанды кестеге сәйкес аяқтауды міндеттеп, сапаға баса назар аударуды ескертті.

74

Түркістан облысы

Бөлісу:
Түркістанда жұқпалы аурулар госпиталі ашылады · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар