Аймақтар
1 мин оқу 510

Қанипа ұстаз атына көше беріледі

<p style="text-align: justify;">Қалалық мәслихат отырысында Амурская көшесін ұлағатты ұстаз, КСРО мемлекеттік сыйлығының лаураеты, &laquo;Құрмет&raquo; орденінің иегері Қанипа Бітібаева көшесі деп өзгерту туралы ұсыныс бірауыздан қолдау тапты, деп хабарлайды <a href="https://egemen.kz/">Egemen.kz</a></p>

Қанипа ұстаз атына көше беріледі

Естеріңізде болса, газетіміздің 30 қарашадағы нөміріне «Бітібаеваның атына бір көше бұйырмай тұр» атты мақала шыққан-тұғын. Сондай-ақ, онамастика мәселесі Шығыс Қазақстандағы «Алтай асу» қоғамдық бірлестігінің үнемі назарында.

«Қанекең дүниеден озғалы 6 жылдан асты. Ол кемеңгеріміздің есі­мін мәңгіліктеу мақсатында облыс әкімі Даниал Ахметовке, қала әкі­міне Жазушылар Одағының облыс­тағы филиалы, «Алтай асу» ҚБ-і, қа­ладағы зиялылардың, ұсатаздың шә­кірт­тері атынан бірнеше мәрте сұ­раныс-хаттарын жаздық. Ол талап-тілектердің мазмұны жалқы: Біті­бае­ваға өзі ғұмыр бойы қызмет ет­кен Жамбыл атындағы мектеп-гим­на­зияның атын, өзі тұрған көшенің атауын беру. Жолданған хаттардың кірген ізі бар да, шыққан ізі жоқ» – деп жазған Жазушылар Одағының Шығыс Қазақ­стан облысындағы филиалының төрағасы Әлібек Қаңтарбаев.

Көп тілегі көл. Енді Өскемендегі Амурская көшесі Қанипа ұстаздың атымен аталады.

Өскемен қаласы

Бөлісу:
Қанипа ұстаз атына көше беріледі · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар