Аймақтар
1 мин оқу 304

Шымкентте кіреберісте әйел зорламақ болған күдікті ұсталды

<p style="text-align: justify;">Шымкент полицейлері қаладағы көппәтерлі үйлердің бірінің кіреберісінде әйелді зорламақшы болған күдіктіні ұстады. Бұл туралы ҚР Ішкі істер министрлігінің ресми өкілі Нұрділдә Ораз мәлім етті, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a></p>

«Полиция қызметкерлері күдіктінің аты-жөнін анықтау мен ұстау үшін бірқатар шара жасады. Соның нәтижесінде кеше күдікті ұсталды. Ол 1985 жылы туған жергілікті тұрғын болып шықты. Одан бөлек, тергеу амалдарын жүргізу барысында күдіктінің жәбірленушінің қалтасынан 8000 теңгеге жуық ақша ұрлағаны анықталды. Ол өз кінәсін толық мойындады», - деді Нұрділдә Ораз.

Қазіргі уақытта күдікті Шымкент қаласы Полиция департаментінің уақытша ұстау абақтысына қамаулы.

Бөлісу:
Шымкентте кіреберісте әйел зорламақ болған күдікті ұсталды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар