Қазақстан
1 мин оқу 824

Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі ресми түрде «Отбасы банк» атанды

<p style="text-align: justify;">Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2020 жылдың 11 мамыр айында айтылған тапсырмасына сәйкес, &laquo;Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі&raquo; акционерлік қоғамы өзінің ресми атауын &laquo;Отбасы банк&raquo; деп өзгертті.</p>

2020 жылдың 20 желтоқсанында «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» акционерлік қоғамын ««Отбасы банк» тұрғын үй құрылыс жинақ банкi» акционерлiк қоғамына қайта тіркеу жүргізілді.

Бүгінгі күннен бастап банктің толық атауы:

- мемлекеттік тілде: «Отбасы банк» тұрғын үй құрылыс жинақ банкi» акционерлiк қоғамы;

- орыс тілінде: акционерное общество «Жилищный строительный сберегательный банк «Отбасы банк»»;

- ағылшын тілінде: joint stock company ««Otbasy bank» house construction savings bank».

қысқаша атауы:

- мемлекеттік тілде: «Отбасы банк» АҚ;

- орыс тілінде: АО «Отбасы банк»;

- ағылшын тілінде: JSC «Otbasy bank».

Бөлісу:
Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі ресми түрде «Отбасы банк» атанды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар