Президент
1 мин оқу 300

Қазақстан Президенті «Теңізшевройл» ЖШС-ның бас директоры Имер Боннерді қабылдады

<p style="text-align: justify;">Қасым-Жомарт Тоқаевқа &laquo;Теңізшевройл&raquo; компаниясының өндіріс орындары мен &laquo;Теңіз&raquo; кенішіндегі короновирус індетіне қарсы күрес жұмыстары жайында баяндалды, деп хабарлайды <a href="https://egemen.kz/">Egemen.kz</a></p>

Кездесуде көмірсутегі секторындағы инвестициялық жобалардың жүзеге асырылуы және компанияның алдағы 3-4 жылдағы даму перспективалары туралы айтылды.

Мемлекет басшысы «Теңізшевройл» компаниясы іске асырып жатқан жобаларда қазақстандық үлесті қамтамасыз етудің маңызды екеніне назар аударды.

Кездесу соңында Қасым-Жомарт Тоқаев Имер Боннерге Қазақстанның мұнай-газ саласының дамуына қосқан үлесі және компаниядағы табысты жұмысы үшін ризашылығын білдірді.

Бөлісу:
Қазақстан Президенті «Теңізшевройл» ЖШС-ның бас директоры Имер Боннерді қабылдады · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар