Әлем
1 мин оқу 352

Мамин Ресей үкіметінің төрағасымен телефон арқылы сөйлесті

<p style="text-align: justify;">Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Асқар Мамин Ресей Федерациясы Үкіметінің Төрағасы Михаил Мишустинмен телефон арқылы сөйлесті.</p>

Тараптар Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путин арасындағы COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі бірлескен шаралар туралы уағдаластықтардың практикалық іске асырылуын талқылады.

Үкімет басшылары бүгін Қарағанды қаласында іске қосылған «Спутник V» вакцинасының өндірісі және қазақстандықтарды алдағы вакцинациялау ҚР-дағы тұрақты санитарлық-эпидемиологиялық жағдайды сақтауға үлкен үлес қосатынын атап өтті.

Әңгімелесу кезінде сондай-ақ сауда-экономикалық және көлік салаларындағы екіжақты ынтымақтастықтың, өнеркәсіптік кооперацияны дамыту және ЕАЭО аясындағы өзара іс-қимылдың өзекті мәселелері қаралды.

Бөлісу:
Мамин Ресей үкіметінің төрағасымен телефон арқылы сөйлесті · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар