Аймақтар
1 мин оқу 475

Алматы-Өскемен тасжолы жабылды

<p style="text-align: justify;">21 желтоқсаннан бастап республикалық маңызы бар Алматы-Өскемен тасжолында көліктің барлық түрінің жүруіне тыйым салынды, деп хабарлайды <a href="https://egemen.kz/">Egemen.kz.</a></p>

Алматы-Өскемен тасжолы жабылды

2020 жылдың 21 желтоқсан сағат 07.00-ден бастап ШҚО-дағы ауа райының қолайсыздығына байланысты осындай шешім қабылданды. Бұл туралы Алматы облысы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Алматы облысының ТЖД тұрғындардан осы бағытта жол жүрмеуді және 112 қызметінің SMS-хабарламаларын назардан тыс қалдырмауды сұрады.

Ұзақ жолға шығар алдында ауа райымен танысып, төтенше жағдайларда көмектесетін барлық затты бірге алып жүру қажет.

Бөлісу:
Алматы-Өскемен тасжолы жабылды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар