Өнер
1 мин оқу 340

Көңілге ыстық көріністер

<p style="text-align: justify;">Нұр-Сұлтан қаласының мемлекеттік архиві астана тарихын баяндайтын &laquo;Архивтер сөйлейді...&raquo; қала тарихының фотоқұжаттары&raquo; атты көше көрмесін ашты.</p>

Көңілге ыстық көріністер

Көрме экспозициясы елордамыздың алғаш іргетасы қаланған сәттен бастап бүгінге дейінгі қалыптасу кезеңінен сыр тарқатады.

Елімізге белгілі өлкетанушылар мен ар­хив серіктестерінің жеке қорла­рын­­дағы құнды материалдардың негізін­де құрылған көше көрмесі қала тұрғын­дарының ерекше ықыласына ие болды.

Н.Имамовтың және А.Дубицкийдің жеке қорларынан алынған фотоқұжаттар мен Б.Оленевтің фото және бейнематериалдары астана шежіресін шертеді. Сондай-ақ сол замандағы әлеуметтік өмір­дің жай-жапсарын ашып көрсетеді.

Аталған көрмеден бұрынғы латын графикасымен жазылған деректерді кез­дес­тіруге болады. Есімдері елге таныс, қала тарихында қатталып қалған тұл­ғалардың ерен еңбегі жазылған ақпараттарды да жолықтырасыз.

Дәстүрлі түрде ұйымдастырылатын фотокөрме оқушылардың қызығушы­лығын арттырып, үлкендердің архив саласына деген көзқарасын өзгертуде. Биыл екін­ші рет өткен шара әлі де жал­ғасын табады.

Бөлісу:
Көңілге ыстық көріністер · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар